Синоптиктер 20 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес Қазақстанның батысында жауын-шашын, қар аралас жаңбыр түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі, деп хабарлайды
«Қазгидромет» РМК божамы бойынша 20 ақпан күні Қазақстанның барлық аумағы антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республикамыздың батысы циклон ықпалында болып, салдарынан жауын-шашын (қар аралас жаңбыр), көктайғақ болады, желдің күшейіп, республикамыз бойынша кей жерлерде тұман түседі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, Қызылорда облысының орталығында, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында солтүстік-батыста, солтүстігінде – көктайғақ, 15-20 м/с дейін жел күшейеді, батыста, солтүстігінде – тұман.
Алматы облысының Алакөл көл ауданы аумағында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.