• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Ақпан, 2022

Павлодарда жүргізуші зейнеткерді қағып, қашып кеткен

210 рет
көрсетілді

Павлодарда болған жол апаты салдарынан зейнеткер көз жұмды, ал күдікті оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

«19 ақпанда сағат 07:20-да Космонавттар көшесінде Daihatsu Terios автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі 1948 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіледі», деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полицияның хабарлауынша, 33 жастағы жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстады.

Автокөлік арнайы айып тұрағына қамалды.