• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Ақпан, 2022

Ұлттық конькишілер федерациясында вице-президент лауазымы алынып тасталды

253 рет
көрсетілді

Ұлттық конькишілер федерациясы мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты бекітілген ережеге сәйкес 2022 жылдың желтоқсан айында өтетінін ресми түрде мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ел чемпионаты 2022 жылдың желтоқсан айында өтеді. Қатысушыларға шараның өтетін орны мен нақты күні кейінірек айтылады», деп хабарлады федерациядан.

Ұйым мәліметінше, федерацияның вице-президенті Оксана Тен 21-23 ақпан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтетіні туралы өңірлерге жіберілетін жеделхатқа қол қойған. Бұл құжат бүгінгі күні жарамсыз деп танылды.

«Федерация вице-президенттерінің мөрге қол қоюға және пайдалануға, сондай-ақ жеке шешім қабылдауға құқығы жоқ. Республикалық жарыстарды өткізу туралы ереже спортшылардың мүдделері мен жаттықтырушылар құрамының пікірін ескере отырып, алқа жиынында қаралады. Федерациямен келісіліп, Мәдениет және спорт министрлігіне бекітуге жіберіледі», деп атап өтті Ұлттық конькишілер федерациясы.

Еске салайық, 11 ақпанда ұйымның құрылтай жиналысының қорытындысы бойынша вице-президенттер лауазымы жойылды.

«Федерация реформалар мен өзгерістердің уақыты келгеніне сенімді. Мәнерлеп сырғанау әр адам үшін нақты жауапкершілік аймақтары бар нақты шешім қабылдау жүйесін қажет етеді. Командада жұмыс істей алатын, спортшылардың дайындығы мен өсуін нақты қалыптастыратын, қаржыландырудың ашық жүйесі мен әділ төрелік ететін тиімді менеджерлердің уақыты келді. Сонымен қатар, федерация О.А.Тен атқарған жұмысы мен мәнерлеп сырғанау спортының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтады», делінген ҰКФ хабарламасында.