Қаңтар айында елімізде болған жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты Қазақстанда 18 шетелдік азамат қамауда отыр. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жаппай тәртіпсіздікке байланысты және тергеу изоляторларында тұтқындалғандардың арасында қазіргі уақытта 18 шетелдік азамат бар. Оның он төрті Өзбекстан азаматы, екеуі Ресейден және екеуі Қырғыз Республикасының азаматы», дейді Эльвира Әзімова.