Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев утилизациялық алымның өзгеруі автокөлік бағасына айтарлықтай әсер етпейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Расында кәдеге жарату алымдарын шегерсе, автокөлік бағасы төмендейтін шығар дегенді жиі естіп жүрміз. Енді статистикаға зер салсақ, елімізден шыққан автокөліктерге ешқандай утилизациялық алым төленбейтіні мәлім. Өткен жылы 105 043 жеңіл автокөлік өткерілсе, 64 пайызы отандық өнім болғандықтан, утилизациялық алым төленбеді. Трактордың 89 пайызы, комбайндардың 88 пайызы, автобустардың 74 пайызы өз еліміздікі екені рас. Осыған қарап-ақ бәрін бағамдауға болады. Дұрысы, баға өзгермейді», деді Қайырбек Өскенбаев.
Министр шетелдік автокөліктердің бағасы неліктен өзгеріссіз қалатынын да айтып өтті.
«Өзге елдерден келетін автокөліктердің бағасы төмендейді деп айтудың қажеті шамалы. Айталық, жол талғамайтын қымбат автокөлік әкелсе, өз қалтасына түсетін құны өседі де, халық үшін арзан бағамын сатылмайды деп ойлаймын», деді министр.