• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 22 Ақпан, 2022

Қазақстанда карантиндік шаралар қайта күшейтілуі мүмкін бе?

389 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов басқа елдерде коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына қарамастан Үкімет карантиндік шектеулерді қатаңдатпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біз қазір жаңа шектеулер туралы ойламаймыз, карантиндік шараларды одан әрі жеңілдету мәселелерін қарастырамыз. Әлемдегі эпиджағдайды да бақылап отырамыз», деді Ералы Тоғжанов.

Вице-Премьер Қазақстанда Ashyq жүйесін алып тастай ма деген сұраққа да жауап берді.

«Біз әлі бас тартпаймыз, өйткені аздап шыдамдылық қажет. Мен сізді шыдамды болуға шақырамын. Бірқатар елдерде белгілі бір өсім бар екені айтылды, бүгінде әлемнің 34 елінде бұл өсім байқалуда. Сондықтан бұл мәселеде белгілі бір шараларды сақтау қажет. Маска режимін әлі ешкім жойған жоқ, әлеуметтік қашықтықты да сақтау керек», деп жауап берді Ералы Тоғжанов.