• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Ақпан, 2022

Алматыда қару-жарақ сақталған орын табылды

326 рет
көрсетілді

Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел арналар арқылы келіп түскен ақпаратты Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті және Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексерген.

Барлығы 4 атыс қаруы табылды. Атап айтқанда, «Beretta Xtreme», «Tikka T3x», «Gamo FS 10x igt», «S ako TRG». Тәркіленген қару жайлы ақпаратты сот-баллистикалық сараптама арқылы анықталады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бұл қарулардың қылмыстарға қатысының бар-жоғы сараптамалық зерттеу нәтижесінде белгілі болады.