Болгарияда өтіп жатқан халықаралық «Странджа» турнирінің үшінші күнінде қазақстандық боксшылар ойдағыдай нәтижелерге қол жеткізіп, жанкүйерлерді желпінтіп тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ерлер арасында шаршы алаңға көтерілген 80 килограмм салмақтағы Ерасыл Жақпеков пен 92 килограмм салмақтағы Абзал Құттыбеков ресейлік Савелий Садома мен испаниялық Эммануэль Рейесті үйіне қайтарды.
Ал арулар арасында рингке шыққан 60 килограмм салмақтағы Римма Волосенко, Айдана Забынбекова, 66 килограмм салмақтағы Мадина Нұршаева, Дариға Шакимовалар да қарсыластарынан айласын асырды.