• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2014

Оңтүстікте экс-полицей сотталды

262 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне қарасты ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бұрынғы бастығы сотталды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бұрынғы басшысы Сейітжан Сапарбековке қаруды заңсыз сақтаған, пара берген және лауазымын асыра пайдаланған деген айыптар тағылған. Осыған қатысты қылмыстық істі қараған Еңбекші аудандық соты экс-полицейді кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда, айыпталушының өзі мен оның қорғаушысы бұл үкіммен келіспейтіндіктерін айтты. Бізге келіп түскен ақпарат көзінде судьяның айыпталушы С. Сапарбековке қатысты шешім шығарарда оның кәмелетке толмаған баласы бар екенін жеңілдетілген жайт ретінде қарастырғаны туралы жазылған. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: Otyrar.kz. Фото: www.Segodnya.ua.