Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2022 жылғы 17 ақпандағы шешіміне сәйкес Қазақстан мен Египет арасындағы әуе рейстері қайтадан ашылады, деп хабарайды Egemen.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Наурыз айының басынан Қазақстанның «Air Astana», «Fly Arystan» және «SCAT» әуе компаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал және Қостанай қалаларынан Шарм-эль-шейхке ұша бастайды.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестелерге сәйкес орындаладады.