Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантинге байланысты жаңа қаулының мәтінін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңа қаулы талаптары бойынша, енді кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асыруды жалғастыру;
барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтер, персонал, ата-аналар (заңды өкілдер), 18 және одан жоғары жастағы білім алушылардың келушілері үшін;
спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін); Қала тұрғындары арасында вакцинация және ревакцинация жүргізу бойынша бақылауды күшейту қарастырылған.
Сондай-ақ халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажеттігі туралы хабардар ету мәселесі қарастырылған.