Оқиға салдарынан екі сарбаз қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қайғылы оқиға солтүстік-батыс Венесуэлада болған.
Боливар ұлттық қарулы күштері (FANB) қолбасшылығының мәліметінше, Ресейде жасалған тікұшақ Лара штатындағы Баркисимето қаласының маңындағы егістік алқабына құлаған.
Оқиғаның себептері анықталуда.
Әлеуметтік желіде тікұшақ апатының видеосы пайда болды.
Айта кетсек, Венесуэлада 2001-2021 жылдар аралығында ұшаққа қатысты 83 оқиға тіркелген. Салдарынан 169 бейбіт тұрғын мен әскери қызметкер қаза тауып, тағы 55 адам жарақат алған.