Бүкіләлемдік таэквондо федерациясы (WTF) биыл «Бүкіләлемдік Гран-при сериясы» турнирлерін өткізетін төрт қаланы анықтады. Бұл туралы Спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы хабарлады.
Осылардың ішінде Астана қаласы да әлемдік доданы қабылдауға лайықты қала ретінде танылды. Енді Астана Қытайдың Сучжоу, Ұлыбританияның Манчестер және Мексиканың Керетаро қалаларымен бірге осынау жарысты өткізеді.
Әлемдік Гран-при турнирінің кестесіне сәйкес, Астанадағы жарыс 29-31 тамыз күндері өтеді. Жарыстың өтетін жері қазірден бастап белгілі болды. Оның жалауы «Алау» мұз сарайында желбірейді. Ал ең бірінші Гран-при сериясының турнирі Қытайдың Сучжоу қаласында шілде айында өтеді. Одан кейін Астанада тамыз айында , Манчестер қаласында қазан айында және Керетаро қаласында желтоқсан айында өткізіледі.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз: confederation.kz
Фото: Sport.gazeta.kz.