UFC-де жеңіл салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген ресейлік аралас жекпе-жек шебері Ислам Махачев америкалық Бобби Гринге қарсы өтетін жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қарсыластың ауысқаны мен үшін айтарлықтай қиындық туындатпайды. Жекпе-жекке арналған жоспар сол күйінде қалады. Өйткені мен жаттығу процесі басталғалы бері барымды салып дайындалып жүрмін. Оны күреске бейім деген әңгіме шығыпты. Кім айтты екен? Оның бойында тек боксшыға тән қасиет қана бар. Ал мен өмір бойы күреспен шұғылданған адаммын. Жекпе-жекте мен оны бірінші раундта жеңуге тырысамын. Неге десеңіз, өзімнің шеберлігімді білемін. Қысқасы қарсыласымның өз еркімен берілуіне жағдай жасайтын боламын. Тейкдаундар шайқаста шешуші рөл атқарады», дейді ресейлік спортшы.