• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Пікір 25 Ақпан, 2022

Автокөлік индустриясына оң әсер етеді

260 рет
көрсетілді

Ел арасында утильалымды жойса, маңызды мәселе шешіліп кетеді деген пікір бар. Мемлекет утильалымды түгелдей жойып тастай алмайды. Мүмкін, бұл кезең-кезеңімен жойылуы тиіс шығар.

Жеңілдетілген бағдарлама бойынша қара­жат алудың екі нұсқасы ұсынылады. Бірін­ші нұсқаны Үкімет жариялады. Яғни «ӨКМ оператордан» алынған қаржыдан осы бағдар­ламаға 100 млрд теңге бағытталады. Бұл бағ­дарлама 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жалпы, Қазақстан азаматтары үшін база­лық параметрлер бірдей болатын кез­ге ж­ақы­н­дап келеміз. Қазір жаңа көліктерді жы­лына 4 пайыздық мөлшерлемемен 5 жылға дейін бас­тапқы жарнасыз алуға мүмкіндік бар. Бұл мемлекеттік бағдарлама бойынша жүзеге асады.

Біздің қауымдастық құрамына ресми өндірушілермен қатар көлік құралын импорттаушылар да кіреді. Осы заңнамаға сай олар кәдеге жарату алымын төлеуге келіседі. Өйткені олар да алым төлеушілер саналады. Одан кейін утиль алымы қаражатын жинау­мен айналысатын оператор дәл сол соманы соңғы тұтынушыға утильалым төлемі қосылмауы үшін қайтарып береді. Утиль алымынан түскен қаражат жылдық 4 пайыз мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру бағдарламасына жұмсалады.

Қазақстан нарығындағы жаңа көлік сатып алуға қатысты орташа мөлшерлеме шамамен 17-25, тіпті кейбір компанияларда 40 пайызға дейін жетеді. Ал жылдық 4 па­йыз­дық мөлшерлеме – жаңа көлік сатып алу үшін қолжетімді қаржылық бағдарлама. Бұл тіпті бөліп төлеуден де әлдеқайда жақсы. Қазір нарықта автокөлікке деген сұраныс артып келеді. Өткен жылғы өсім – 22 па­йыз. Бұл жаңа көліктердің есебінен өседі деген үміт бар. 

Дәл қазір утильалымды 50 пайыздан да төмендету деген сөз айтуға ғана оңай. Біз қанша ауыр болса да бұл шешімді қабыл­дауымыз керек. Елдің автокөлік индустриясы жолға қойылғанда, оған қажетті қосалқы бөл­шектерді өзімізде шығаруға қол жеткен кезде шеттен келген ескі көліктерден утильалым алу қажеттігі өзінен өзі ысырылып қала­ды. Утильалымның қазіргі мөлшері авто­көлік индустриясының өрісін ашады деп үміт­те­нейік. Заманмен бірге заң да жаңарып жатыр. Еркін бәсекелестік жағдайында біз бұл мүм­кіндікті де халықтың игілігіне бағыттай­мыз.

 

Анар МАҚАШОВА,

Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті