Қазақстандық синоптиктер 26-28 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше елімізде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қыстың соңғы күндері республика бойынша жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, желдің күшеюі және елдің солтүстік аймағының жартысында бұрқасын жел болады.
Болжамға сәйкес, республиканың оңтүстік өңірлерінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
«Ауа температурасы түнде Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығысында -5...+5°С, елдің солтүстік-батысында -3...-15°С, солтүстігінде -5...-20°С, шығысында және орталығында -3...-18°С -13...-25°С дейін төмендеуі мүмкін, оңтүстігінде -8 ° С – дан жоғары...+ 5°с -5 дейін...+10°С ауа температурасы күтіледі», деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Аяна Тоғанбек