• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Коронавирус 25 Ақпан, 2022

Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

249 рет
көрсетілді

Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері карантиндік шектеу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес: коронавирусқа қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) күндізгі режимде жұмысқа жіберу шектеледі.

Бұл ретте вакцинацияланбаған қызметкерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет) көзделетін болады.

Құжаттың мәтінімен және Ashyq жобасына қатыспайтын әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу критерийлерімен толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Қаулы 2022 жылғы 28 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар