• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Ақпан, 2022

Елшілік елге келулеріне көмектеседі

516 рет
көрсетілді

Соғыс өрті тұтанған Украина елінен Молдоваға өз қалауымен жеткен он отандасымызды елге қайтару мәселесі ретімен шешіледі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елшілік Молдовадағы отандастарымызға арнайы көлік әзірлеген. Азаматтар виза алғаннан кейін Румыния арқылы шекарадан өтеді. Кейіннен бұл жұмысқа Бухарест қаласындағы Қазақстан елшілігі кіріседі. Сол арқылы Ыстанбұлға одан әрі азаматтарымызды елге жеткізу жұмыстары жүзеге асырылады», дейді ол.