Еліміздің тоғыз қаласында қолайсыз метеожағдайлар күтілуде, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 2022 жылдың 28 ақпанында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Атырау, Көкшетау, Қостанай және Павлодар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Аталған қалаларда ауа ластануының төмен деңгейі күтіледі. Республиканың басқа қалаларында қолайлы метеожағдайлар күтілуде.
Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімін білдіреді. ҚМЖ пайда болған жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі-синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).
Аяна Тоғанбек