• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 28 Ақпан, 2022

«Канелоның» кімдермен жұдырықтасатыны белгілі болды

566 рет
көрсетілді

Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварестің осы жылы кімдерге қарсы шаршы алаңға шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол  бірінші жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі WBA чемпионы Дмитрий Биволға қарсы шаршы алаңға шықса (7 мамыр), одан кейін қыркүйек айында қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші рет жұдырықтасады. Сондай-ақ жыл соңында бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі WBC чемпионы Илунга Макабу немесе ұлыбританиялық Джон Райдермен қолғап түйістіруі ықтимал.