• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2014

Астанада дені сау балалар жалған құжатпен оңалту орталықтарында тәрбиеленген

318 рет
көрсетілді

Астана қаласында дені сау 40 бала жалған құжатпен мүгедек балғындарға арналған оңалту орталықтарында тәрбиеленіп келген. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады. Астана қалалық прокуратурасы тексеру барысында елордада мүгедек балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының тапшы екенін анықтады. Ал осы бағытта жұмыс істеп жатқан білім ошақтарының материалдық-техникалық базасы мен санитарлық жағдайы сын көтермейді. Сонымен бірге, сурдолог, логопед сынды мамандар жетіспейді. Қазір Астана қаласында 7 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі балалар тұрады екен. Соңғы 3 жылда олардың саны 16 пайызға өскен. «Мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын тексергенде бірқатар кемшіліктер анықталды. Мәселен, дәрі-дәрмекті сатып алу заңдылығы бұзылған. Бұған қоса, бірқатар білім ошағының лицензиясы талапқа сәйкес емес екені анықталды»,- дейді Астана қалалық прокурорының аға көмекшісі Шолпан Көшенова. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы. Фото: www.Inform.kz.