УЕФА Еуропа лигасында бақ сынап жатқан ресейлік «Спартак» футбол клубын Украинадағы жағдайға байланысты жарыстан шығарып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресейлік команда кәрі құрлықтың екінші дәрежелі клубтық додасының 1/8 финалында германиялық «РБ Лейпциг» футбол клубымен кездесуі керек болған. Алайда УЕФА басшылығы Украинадағы соғысқа байланысты ресейлік командаларды жарысқа қатыстырмау туралы шешім қабылдады. УЕФА-дан бөлек ФИФА да ресейлік командаларды байрақты бәсекелерден шығарып тастау туралы шешімге келген болатын.