Қытай шекарасында «Нұр Жолы» кеден бекетінің бірқатар лауазымды тұлғаларының қылмыстық іс-әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 ақпанда Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментімен бірлесіп «Нұр Жолы» кеден бекетінде қызмет еткен бірқатар лауазымды тұлғалардың қылмыстық әрекетін анықтады.
«Жүргізілген жедел біріктірудің нәтижесінде қылмыстық әрекетті имитациялаған қадағалау органының қызметкеріне жүргізілген тексеру бойынша мәселелерді оң шешкені үшін 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара беру фактісі құжатталған», делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.
Аталған факті бойынша «Нұр Жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды.
«Сонымен қатар, тексерушілерге 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара беріп, ірі көлемде тауар контрабандасын жасырған еден бекетінің тағы бір өкілі ұсталды», деп қосты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.