• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 02 Наурыз, 2022

Головкин мерейтойында Муратамен жұдырықтасады

2263 рет
көрсетілді

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкин мен WBA Super белдігінің иесі, жапониялық Риота Мурата арасындағы жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жапония астанасы Токио қаласындағы «Сайтама» кешенінде ұйымдастырылатын бокс кеші енді тоғызыншы сәуірде өтпек. Бұл туралы ESPN қызметкері Майк Коппинджер ақпарат таратты.

Әуелде 2021 жылдың желтоқсанында қолғап түйістіруге тиіс болған екі мықтының арасындағы шайқас енді Геннадий Головкиннің мерейтойымен сәйкес келіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір күні Геннадий Головкин 40 жасқа толады.