• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 02 Наурыз, 2022

Уайт Макгрегорға чемпиондық жекпе-жек ұйымдастыра ма?

701 рет
көрсетілді

UFC президенті Дана Уайт жеңіл салмақтағы ұйымның бұрынғы чемпионы Конор Макгрегордың жарақатынан айыққаннан кейін чемпиондық шайқасқа қаншалықты мүмкіндігі бар екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Fightnews.info-ға сілтеме жасап.

«Барлық мәселе Конор жарақатынан айығып, октагонға оралған кезде чемпиондық белдіктің кімнің уысында болатындығына байланысты. Өйткені чемпионның да таңдау жасауға құқығы бар. Егер чемпиондық белдік Чарльз Оливейрада қалса, оның Конорға қарсы жекпе-жек өткізуге ниеті болуы әбден мүмкін. Сондықтан мен нақты ештеңе айта алмаймын. Уақыты келсін, сол кезде көреміз», деді Дана Уайт өз сөзін қорытындылап.