• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Парламент 02 Наурыз, 2022

Мәжіліс Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

896 рет
көрсетілді

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш бергенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға заңнамаға сәйкес, Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», деді Асылбек Смағұлов.

Палата депутаттары бұл ұсынымға қолдады.

Айта кетейік, 25 ақпан күні Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату жөнінде қаулы шығарған болатын.