• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Наурыз, 2022

Boeing авиакомпаниясы Ресейге қосалқы бөлшек жеткізуді тоқтатты

175 рет
көрсетілді

Америкалық Boeing ұшақ концерні ресейлік әуе компанияларына қосалқы бөлшектерді жеткізуді және оларға техникалық қолдау көрсетуді тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Boeing мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, сейсенбі күні Twitter-де Reuters журналисі Дэвид Шепардсон хабарлады. 

«Біз ресейлік авиакомпанияларға қосалқы бөлшектерді жеткізуді, техникалық қызмет көрсетуді және техникалық қолдау көрсетуді тоқтатамыз» деп жазылған авиакомпания мәлімдемесінің мәтінінде. 

Бұған дейін Boeing Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Киевтегі кеңсесінің, сондай-ақ Мәскеудегі Сколководағы оқу орталығының жұмысын тоқтатқан болатын.