• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2014

Облыс әкімі қоғамдық қабылдау өткізді

370 рет
көрсетілді

Облыс әкімі, «Нұр Отан» пар­тиясы Қызылорда облыстық фи­лиалының төрағасы Қ.Кө­­шербаев партия ғимаратында қоғам­дық қабылдау өткізді. Сұрақтар сан алуан. Әлеуметтік, кәсіпкерлік, тұрғын үй мәселел­е­рі төңірегінде сауалдар қойылды. Қоғамдық қабылдауда болған Шакизада Дүйсенәлиеваның қызы Аружан – туабітті мүгедек. Бүйректері дұрыс жұмыс істемейді. Шакизада қызын емдетуге қаржы қолбайлау болып келгенін айтады. Емделуге квота бөлін­­генімен, жол шығынына, жатар орынға қаржы таппай қиыншылық көріп жүр. Ем-дом алуға Санкт-Петербург қаласына квота беріліп тұр. Бірақ оған қызын апаратын тағы қаржы жоқ. Қоғамдық қабылдауға келген «Жан-Арай» ЖШС директоры Бағдәулет Нақышов 150 мың теңге қаржысын бөлді. Баласы үшін табалдырық тоздырып жүрген ананың қуанышында шек болмады. Облыс әкімі көмек қажет жанға қолдау көрсеткен кәсіпкерге алғысын білдірді. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар