• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Наурыз, 2022

Атырауда майнинг фермалары электр энергиясынан ажыратылды

174 рет
көрсетілді

Атырауда «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ-ның қуатына қосылған майнинг фермалары электр энергиясынан ажыратылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Президент тапсырмасынан кейін бұл мәселеге қатысты тексеру басталған еді. Майнинг фермалары әртүрлі жолмен анықталады. Бастысы – энергиямен жабдықтау және энергияны тарату мекемелері ұсынған есепті салыстыру.

«Атырау облысында тіркелген екі майнинг фермасы жұмыс істейді. Олар «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ-ның қуатына қосылған. Энергия тұтыну қағидасына сәйкес майнинг фермаларының әрқайсысына 10 мегаваттан аспайтын лимит белгіленген. Қазір криптовалютаны өндіру тоқтатылды. Тексеру кезінде майнинг фермалары электр энергиясынан ажыратылды», дейді «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ президенті Мақсот Әленов.