• RUB:
    6.3
  • USD:
    518.21
  • EUR:
    590.09
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Наурыз, 2022

Румынияда әскери тікұшақ құлап, 7 адам қаза тапты

177 рет
көрсетілді

Сәрсенбі күні Румынияның оңтүстік-шығысында IAR 330-Puma әскери тікұшағы апатқа ұшырады. Нақтыланған мәлімет бойынша, апат салдарынан жеті адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz AGERPRES агенттігіне сілтеме жасап.

Ұшақ бортында экипаждың жеті мүшесінен басқа Румыния әскери-теңіз күштерінің екі құтқарушысы болған.

Тікұшақ патрульдік ұшу кезінде радардан жоғалып кеткен МиГ-21 жойғыш ұшағын іздеу үшін ұшып шыққан.

Апатқа ұшыраған тікұшақтағы жеті әскери қызметкердің қаза тапқанын Румыния армиясы қорғаныс штабының басшысы генерал Даниэль Петреску растады.

Қазіргі уақытта МиГ-21 ұшқышын іздеу жұмыстары жалғасуда.