• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 03 Наурыз, 2022

Көлік бақылау инспекциясының қызметкерлері ұсталды

548 рет
көрсетілді

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен және Талдықорған көлік прокуратурасымен бірлесіп Алматы облысы көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің заңсыз қызметін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бөлім басшысы және оның қарамағындағы екі адам 2021 жылдың басынан бастап 2022 жылдың ақпанына дейін жүйелі негізде кәсіпкерлерден автомобиль жолдарында кедергісіз жүріп өткені және оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 50 мыңнан 280 мың теңгеге дейін пара алды», деп хабарлады Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері ұсталып, Талдықорған қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.