Талдықорғандағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін құлатуға қатысқан Азамат Батырбаевты азаптаған полицей қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Батырбаевты азаптады деген күдікке ілінген азамат ақыры қамауға алынды деп сендіре аламын. Үлкен және ауыр жұмыс атқарылды. Біз құқықтық шындыққа қол жеткіздік», деп жазды Батырбаевтың қорғаушысы Бауыржан Азанов Facebook-тегі парақшасында.
Азанов қалған мәліметтерді тергеу құпиялылығына байланысты жария етпеді.