Ақтаулық «Каспий» футбол клубы 24 жасар бразилиялық жартылай қорғаушы Руана Рибейроны қатарына қосты, деп хабарлайды Egemen.kz KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.
Бразилиялық футболшы кәсіби мансабын бразилиялық «Тупи» футбол клубында бастаған екен. Кейіннен португалиялық «Варзим», «Маритиму» футбол клубтарының жейдесін киген. Уақыт өте келе бразилиялық «Вилла-Нова» командасында жасыл алаңға шыққан. Ол «Каспий» футбол клубына ауысқанға дейін румыниялық «Арджеш» командасының сапында болған.