Жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы, ресейлік Сергей Ковалев шаршы алаңға мамыр айында оралатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сергей Ковалев 14 мамыр күні Лос-Анджелесте ұйымдастырылатын бокс кешінде рингке шығады. Бұл күні ол қытайлық былғары қолғап шебері Мэн Фаньлунмен жұдырықтасады. Жекпе-жек аралық салмақта өтеді. Бокс кешін ұйымдастырушы Triller Fight Club промоутерлік ұйымы бастапқыда Ковалев Фаньлун кездесуін 12 наурызға жоспарлаған болатын. Алайда кейін шешімді өзгертуге тура келді.