• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 05 Наурыз, 2022

Үкіметте дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі отырыс өтті

329 рет
көрсетілді

Үкіметте дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеңес аясында АХҚО-ның инвестициялық ахуалды жақсартудағы рөлі, Қаржы орталығының қазіргі жай-күйі және қазақстандық қор нарығына батыстық санкциялар топтамасының ықтимал әсері мәселелері талқыланды.

«Бүгінгі таңда АХҚО экожүйесінде 1200 компания тіркелген, ресейлік компаниялар саны 5%-дан аспайды. АХҚО бірқалыпты жұмыс қарқынын сақтап отыр. Қатысушылардың кету жағдайлары байқалмайды», деді АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов.

ҚР Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне халықаралық салық салу мәселесін қосымша пысықтау тапсырылды.