• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2014

Жапонияда 34 жыл өлім жазасын күткен тұтқын босатылды

346 рет
көрсетілді

Жапонияда 34 жыл бойы өлім жазасын күткен Ивао Хакамаду есімді тұтқын бостандыққа шықты. Бұл туралы Tvzvezda.ru хабарлады. И.Хакамадуға өзінің бастығын, оның әйелі мен екі баласын өлітірді деген айып тағылған болатын. 1980 жылы Жапония Жоғарғы соты оны кінәлі деп танып, өлім жазасына кесті. И.Хакамадудың қарындасы бірнеше рет сотқа шағымданып, істі қайта қаратуға рұқсат алды. Осыдан кейін сот істі қайта қарау кезінде көйлекке жұғылған қанды Хакамадудікі емес екенін алға тартып, бұл айғақ затты тергеушілердің өздері қолдан жасауы мүмкін деген пікір білдірді. Жапонияда бұрың-соңды сот тарапынан тергеушілерге мұндай күдік келтірілмеген. Ал жергілікті жұртшылық осы ақпарды естісімен оны қызу пікірталасқа айналдырып жіберді.  Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Tvzvezda.ru. Фото: Vk.com.