• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Наурыз, 2022

Биржалық сауда қағидаларының жобасы әзірленді

414 рет
көрсетілді

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметі, биржалық сауданы дамыту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Сауда министрлігі Биржалық сауда қағидаларының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биржалық сауда ережелерінде келесі негізгі нормалар қарастырылған:

- тауарлар мен Сауда-саттықты секцияларға бөлу, оларға жеке талаптар қою;

- бір мезгілде бірнеше тауар биржаларына қатысуға тыйым салуды алып тастай отырып, брокерлер мен дилерлерді бірыңғай аккредиттеуді белгілеу болды.

«ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп Қағидалар нормаларын талқылау бойынша кеңес өткізілді. Талқылау қорытындысы бойынша Б. Сұлтанов Қағидалардың жекелеген нормаларын одан әрі пысықтау жөнінде тапсырма берді», делінген министрлік мәліметінде.