• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Наурыз, 2022

БҚО-да жеңіл көліктер тиеген ауыр техника аударылып қалды

464 рет
көрсетілді

БҚО-да жеңіл көліктер тиеген ауыр техника аударылып қалды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға «Орал-Атырау» тас жолының бойында орын алды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, трассадан түсіп кеткен. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Арнайы жүк тасымалдау техникасына 6 жеңіл көлік тиелген.

«Оқиға 5 наурыз күні сағат 22.30 шамасында Көшім ауылының тұсында болды. Зардап шеккендер жоқ. Көліктерге ғана зақым келді. Ауа райы күрт құбылмалы болып тұр, сондықтан тұрғындардан мейлінше алыс жолға шықпауды сұраймыз», деп жазды БҚО ПД баспасөз қызметі.