• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Наурыз, 2022

Жаңа Зеландия Ресейдің жоғары лауазымды тұлғаларына санкция салды

531 рет
көрсетілді

Жаңа Зеландия Украинадағы жағдайға байланысты президент Владимир Путиннен бастап Ресейдің бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларына санкция салды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Олардың ішінде Премьер-министр Михаил Мишустин, Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Қорғаныс министрі Сергей Шойгу бар. Жалпы қара тізімге 100-ге жуық адам енген. Оларға елге кіруге тыйым салынған.

Джасинда Ардерн, Жаңа Зеландия премьер-министрі: Санкциялар сауда, қаржы ұйымдарына қатысты. Жаңа Зеландия аумағына ресейлік кемелер мен ұшақтардың кіруіне тыйым салынады. Заң жобасы нақты Ресей басқыншылығына бағытталғанымен оның заңсыз әрекетіне қолдау білдірген Беларусь сияқты елдерге де шектеу енгізуге мүмкіндік береді.

Ресейдің Орталық банкімен операциялар тоқтатылуы мүмкін.

Ал Оңтүстік Корея Ресей Орталық Банкімен операцияларды тоқтатуы мүмкін. Үкімет мәселені талқылап жатқаны айтылады. Бұған дейін Сеул мәскеуді СВИФТ төлем жүйесінен ажыратып, экспортты шектеген. Ресейге стратегиялық мақсаттағы тауарларды жеткізуге тыйым салынған.