• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 08 Наурыз, 2022

Бұл жеңіс аналар мен аруларға арналады – Александр Герлиц

311 рет
көрсетілді

Қысқы Паралимпиада бәсекесінде қоржынымызға алғашқы қола жүлдені түсірген биатлон шебері, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Александр Герлиц бұл жеңісін арулардың мерекесіне арнайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Бүгінгі бәсеке айтарлықтай ауыр болды. Алайда мен салқындылық таныттым деп пайымдаймын. Өкінішке қарай нысана көздеу кезінде кемшіліктерге бой алдырдым. Үш мәрте мүлт кеттім. Алайда ол олқылық менің қола жүлдегер атануыма кедергі келтірген жоқ. Сөзбен айтып жеткізе алмайтын көңіл-күйде жүрмін. Мен бұл жеңісімді әжелер, арулар, аналардың мерекесіне арнаймын. Маған жанкүйер болған барлықтарыңызға зор алғысымды білдіремін», дейді спортшы өз ойымен бөлісіп.