Жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы, ресейлік Сергей Ковалев пен Қытай боксшысы Мэнь Фаньлун арасындағы шайқас өтпейтін болды, деп хабарлайды Egemen.kz VRINGE.com-ға сілтеме жасап.
Екі боксшы 14 мамыр күні Лос Анджелесте өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасуға уағдаласқан болатын. Алайда қытайлық боксшы телеарналардың жекпе-жек уақытын соза түскеніне қарсылық білдіріп, кездесуден бас тартқан көрінеді. Есесіне Мэнь Фаньлун канадалық Жан Паскальмен қолғап түйістіруге ниеттеніп отыр. Ал 14 мамыр күні Ковалевке қарсы шаршы алаңға шығуға кубалық Саливан Баррера ұсыныс жасады. Әзірге ұсыныс қабылданғаны туралы ақпарат жоқ.