• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Ауа райы 08 Наурыз, 2022

Үш өңірді қандай ауа-райы күтіп тұрғаны белгілі болды

288 рет
көрсетілді

Қазақстанның үш облысында тұман мен көктайғақ болуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

9 наурыз күні түнде және таңертең Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Солтүстікте, оңтүстік-батыста тұман түсуі ықтимал. Оралда түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады. Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысы мен солтүстігіне тұман түседі деп күтілуде. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман болуы тиіс. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы күндері Қазақстан аумағының солтүстік жартысына ауа райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы өте төмен болатын кезекті антициклон әсер етеді.

 

Соңғы жаңалықтар