Еуропа бокс одағы (EBU) ресейлік және белоруссиялық боксшылардың қатысуымен қандай да бір чемпиондық жекпе-жектердің өтуіне тыйым салатыны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Шешім әрмен қарай тараптарды хабарландыру мақсатында қабылданды. Осылайша EBU басқа да спорттық ұйымдармен бірқатарда Ресейдің әскери әрекетіне қарсылық танытып отыр», делінген хабарламада.