Әлемге аты әйгілі Microsoft корпорациясы Ресей нарығынан уақытша кететін болды, деп хабарлайды Egemen.kz prosport.kz-ке сілтеме жасап.
Корпорация техникалық өнімдерді жеткізуді тоқтатуға бел буды. Соңғы деректерге зер салсақ, жаңа құрылғылар мен ойындарды сатуды доғаратын көрінеді. Бұрын сатып алынған жобалар, олар үшін жаңартулар және белсенді жазылымдар жұмысын жалғастырады.