• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Наурыз, 2022

Атырауда мас күйде көлік жүргізгендер ұсталды

282 рет
көрсетілді

Атырау облысында үш күнде жолда жүру ережесі 644 рет бұзылған. Мас күйде рульге отырған 10 адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 4-6 наурыз аралығында өңір аумағында «Мас жүргізуші – қылмыскер» рейді өткен.

«Бұл іс-шараны өткізудегі мақсат – мас күйде рульге отыратындарды, көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерді анықтау. Олардың қатысуымен болуы мүмкін жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Үш күнге созылған іс-шара кезінде жолда жүру ережесін бұзған 644 дерек анықталды. Көлік құралын мас күйде басқарған 10, жүргізуші куәлігінен айырылған 1 адам ұсталды», дейді полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.