Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италиядағы Челленджер турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Неміс теннисшісі Эльмар Эйюповичке қарсы матчта қазақстандық үш сетте жалпы есеппен жеңіске жетті. Есеп: 2:6, 7:6, 6:2.
Ойын үш сағат 21 минутқа созылды.
ATP әлемдік рейтингісінде қазақстандық 220 орында тұр.
Айта кетсек, осы жеңістің арқасында 21 жастағы Скатов турнирдің 1/8 финалына шықты.