Екі салмақ дәрежесіндегі UFC-дің бұрынғы чемпионы Генри Сехудо ресейлік аралас жекпе-жек шебері Умар Нурмагомедовтің кәсіби мансабына қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.
«Менің ойымша Умар әлем чемпионы болатын жігіт. Уақытында онымен бірге жаттығу өткізгенмін. Сондықтан оның мүмкіндіктерін жақсы білемін. Ол әбден шеберлігі толысқан спортшы десем, еш қателеспеймін. Жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген Петр Янды қазірдің өзінде жеңе алатын мүмкіндігі мол. Өйткені Умардың күресі мықты», дейді ол.