• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 09 Наурыз, 2022

Жәнібектен қашқан Мунгия Чарлоны таңдады

1047 рет
көрсетілді

Бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы, мексикалық боксшы Хайме Мунгия Жәнібек Әлімханұлына қарсы шаршы алаңға шыққысы келмейді, деп хабарлайды Egemen.kz Fightnews.info-ға сілтеме жасап.

Мексикалық боксшының командасы WBC тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, америкалық Джермалл Чарломен жекпе-жек өткізуге ниетті. Тіпті екі команданың өкілдері келіссөзді бастап та кетті. Осылайша мексикалық оғлан WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атануға бел буып отыр.

Негізі Хайме Мунгия Джермалл Чарлоның міндетті қарсыласы атану үшін доминикандық Карлос Адаместі жеңуге тиіс болған. Алайда Чарло қарсылас ретінде Хаймені таңдауды жөн көрген секілді.

Бұған дейін бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Хайме Мунгия мен қазақ оғланы Жәнібек Әлімханұлы арасында жекпе-жек өткізіп, әлемнің уақытша чемпионын анықтауға ниеттенген еді. Әйткенмен, мексикалық боксшының командасы басқа жолды таңдады. Бүгінгі күнге дейін WBO тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, америкалық Деметриус Андраде, бразилиялық Эскива Фалькао отандасымызбен қолғап түйістіруден бас тартқан болатын. Енді үшінші боксшы (Хайме Мунгия) Жәнібекпен жұдырықтасқысы келмейтінін байқатты.