• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Тағайындау 09 Наурыз, 2022

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы тағайындалды

519 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиямен келісім бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен аппарат басшысы лауазымына Ахмедьяров Әлібек Ғазизұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлібек Ахмедьяров - 2019 жылғы Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Оңтүстік Калифорния университетінің магистратурасын тәмәмдаған.

Ол өз еңбек жолын Индустрия және сауда министрлігінде Заң департаментінің сарапшысы қызметінен бастады.

Білім және ғылым министрлігінде, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, Инвестициялар және даму министрлігінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі лауазымдарда, Сыртқы істер министрлігінде Заң қызметі департаментінің директоры лауазымын атқарды.