• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Наурыз, 2022

Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялаған төртінші рейс елге келді

135 рет
көрсетілді

Қазақстан азаматтарымен төртінші репатриациялық рейс Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 04:57-де Нұр-Сұлтан қаласына қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан азаматтарымен төртінші репатриациялық рейс Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 04:57-де Нұр-Сұлтан қаласына қонды. Бортта 155 жолаушы бар», делінген комитет хабарламасында.

Еске салсақ, кеше түнде Польшадан Украинадағы қазақстандықтар мінген төртінші рейс ұшып шықты.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 9 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 23:05-те Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға Украинадан эвакуацияланған ҚР азаматтарымен төртінші репатриациялық рейс ұшқан.